Сайлау комиссияларының алғашқы отырысы өтті

418 Views

Біз газетіміздің өткен санында «Округтік сайлау комиссиялары мүшелерін сайлау» туралы жетінші шақырылған Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз үшінші сессиясының № 33-4 шешімін жариялаған едік. Сондай-ақ, газеттің сол күнгі санында осы № 33-4 шешіміне қосымша «Округтік сайлау комиссиялары мүшелерінің тізімі» де жарияланған болатын.
Өткен сейсенбіде аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Тлепов пен аудан әкімі аппаратының басшысы Асхат Мұстафаның қатысуымен жаңадан құрылған 14 округтік сайлау комиссияларының алғашқы отырысы өткізілді. Отырыста Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 20-бабы, 2-тармағы, 4-тармақшасына сәйкес, округтік сайлау комиссиясының алғашқы отырысында комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары және сайлау комиссиясының хатшысы сайлануы тиіс.
Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Тлепов округтік сайлау комиссияларының отырысында округтік сайлау комиссияларының өкілеттіктері туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп, келе жатқан сайлау науқанында атқарылатын жұмыстардың жауапкершілігі зор екенін айтып өтті. Отырыста округтік сайлау комиссияларының мүшелері сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын білдірді.
Отырыстың қорытындысында 14 округтік сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары және хатшылары сайланды. Олар:

№1 округтік сайлау комиссиясы
Комиссия төрағасы – А.Тілеуханов
Төраға орынбасары – Б.Наурызбаев
Комиссия хатшысы – А.Садирмеков

№2 округтік сайлау комиссиясы
Комиссия төрағасы – Н.Беисов
Төраға орынбасары – С.Жайлауов
Комиссия хатшысы – Т.Ибрагим

№3 округтік сайлау комиссиясы
Комиссия төрағасы – Ғ.Раймбаев
Төраға орынбасары – Б.Акурпеков
Комиссия хатшысы – Г.Базарбаева

№4 округтік сайлау комиссиясы
Комиссия төрағасы – Б.Айтбаев
Төраға орынбасары – С.Кесикбаев
Комиссия хатшысы – М.Шайслам

№5 округтік сайлау комиссиясы
Комиссия төрағасы – Ж.Бағылбеков
Төраға орынбасары – Р.Ибрашева
Комиссия хатшысы – Д.Канатова

№6 округтік сайлау комиссиясы
Комиссия төрағасы – Н.Базарқұлов
Төраға орынбасары – К.Агибаев
Комиссия хатшысы– К.Акмолдаева

№7 округтік сайлау комиссиясы
Комиссия төрағасы – Е.Шабеев
Төраға орынбасары – Е.Рахманқұл
Комиссия хатшысы – С.Сарсенов

№8 округтік сайлау комиссиясы
Комиссия төрағасы – Б.Иманқұлов
Төраға орынбасары – Ж.Серкебаева
Комиссия хатшысы – Г.Алдашбекова

№9 округтік сайлау комиссиясы
Комиссия төрағасы – Қ.Абдирахманов
Төраға орынбасары – Е.Искаков
Комиссия хатшысы – Г.Шапетова

№10 округтік сайлау комиссиясы
Комиссия төрағасы – Ж.Әлі
Төраға орынбасары – Р.Алимова
Комиссия хатшысы – С.Малыбаева

№11 округтік сайлау комиссиясы
Комиссия төрағасы – Н.Шолпанкулов
Төраға орынбасары – С.Момбекова
Комиссия хатшысы – Г.Бектемисова

№12 округтік сайлау комиссиясы
Комиссия төрағасы – Е.Раймбаев
Төраға орынбасары – М.Ибрагимов
Комиссия хатшысы – Т.Шаяхметова

№13 округтік сайлау комиссиясы
Комиссия төрайымы – О.Шымырбекова
Төраға орынбасары – А.Байхожаев
Комиссия хатшысы – Р.Кыстаубаева

№14 округтік сайлау комиссиясы
Комиссия төрағасы – Р.Қырықбаев
Төраға орынбасары – Ж.Қондыбай
Комиссия хатшысы – А.Барақбаев

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: