Қант қызылшасын өсірушілер одағы құрылды

326 Views

Аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен қант қызылшасын өсіруді дамыту бойынша жергілікті шаруалармен маңызы жоғары кездесу өтті. Жиынға республикалық қант қызылшасын өсірушілер одағының төрағасы қатысып, ой-пікірлерімен бөлісті. Жалпы өткен жылы аудан бойын­ша 145 гектардан өнім алынса, ағымдағы жылы 550 гектар қант қызыл­шасын егу жоспарланып отыр.
Осыған сәйкес, аталмыш жиында қант қызылшасын өсіруші шаруаларға қолдау көрсету мақсатында мемлекет тарапынан көр­сетілетін қолдаулар, инвести­ция­лық салымдар мен субсидиялау бағ­дарламалары, техника алу, суармалы алқапты кеңейту мә­селелері түсіндіріліп, өзекті тақырыптар талқыланды.
Жиын соңында аудандық қант қызыл­шасын өсірушілер одағы құрылып, оның төрағасы ретінде «Аққайнар» шаруа қожалығының егіс бригадирі Талап Иманов бекітілді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: