СЕНОВАЛ как объект ПОЖАРА
45 ViewsС наступлением осеннего периода в сельской местности, агрофирмах и других сельхозпредприятиях области происходит большое количество пожаров в местах заготовки и хранения грубых кормов. Ежегодно…
Ағымдағы жылдың 3 ақпан күні сағат 13:00 шамасында таулы аймақтарда толассыз жауған жауын-шашынның және ауа-райының күрт жылынуына байланысты жекелеген елді мекендерде өзендер арнасынан тасып, су ауыл ішіне енген.
Табиғи апаттың салдарынан зардап шеккендер жоқ. Мал шығыны орын алмаған. Бұл орайда, ауданда шұғыл әрекеттер етуге бағытталған жедел штаб құрылып, қолда бар мүмкіндіктер толығымен жұмылдырылды. (845 адам, 37 арнайы техника), Атап айтқанда, барлық коммуналдық қызметтердің, шаруашылықтар мен кәсіпорындардың техникалары тартылып, табиғи апаттың алдын алу шаралары қабылдануда.
Осынау сын сағатта бірліктің үлгісін көрсете білген аудан жұртшылығы мен ерікті жасақтардың белсенділігін атап өту қажет. Осы орайда, аудан жұртшылығын сабырлық сақтап, қол-күшімізді біріктіруге шақырамыз.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.