Альпеисов Данияр Бейсенбекұлы
Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар
Өмірбаяны
Альпеисов Данияр Бейсенбекұлы 1981 жылы 21 қарашада Т.Рысқұлов ауданы, Луговой ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің табалдырығын аттап, 1998 жылы мектепті аяқтап шықты.
1998-2003 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде білім алған.
Мамандағы бойынша «Инженер-технолог».
2006-2008 жылдары Шымкент қаласы, Шымкент университеті «Заңтану» мамандығы бойынша, 2014-2016 жылдары Шымкент қаласы, Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы
2005-2006 жылдары Луговой ауылы М.Горький орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
2009-2015 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар орталығы» КММ-де ұйымдастырушы маман, 2015-2020 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінде спорт әдіскер, 2021-2022 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімі Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының меңгерушісі болып еңбек еткен.
2022.01.05 жылдан бүгінгі күнге дейін Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі «Балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубы» КММ-нің директоры.
Отбасы жағдайы: Үйленген, 1 ұл, 1 қызы бар.
Сайлауалды бағдарламасы
Мен, Альпеисов Данияр Бейсенбекұлы, егер маған сенім артып, аудандық мәслихат депутаттығына сайлаған болсаңыздар, өзімнің күш-жігерімді тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға, ауылдарымыздың өсіп-өркендеуіне, олардың әлеуметтік-экономикалық дамуына, жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жұмсаймын деп Сіздерді сендіре аламын. Ауылдардағы бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерді ауыл әкімдігімен бірлесе шешу менің жұмысымдағы басты бағыт болып табылады.
Луговой ауылы бойынша:
1. Луговой ауылындағы Әлім Райқұл көшесін жарықтандыруға қаражат бөлуге ықпал ету.
2. Луговой ауылындағы Қ.Әбіқұлов көшесінен Т. Рысқұлов атындағы мектеп-лицейіне дейін жаяу жүргіншілер жолын салуға ықпал ету.
3. Т. Рысқұлов атындағы мектеп-лицейін күрделі жөндеуден өткізуге ықпал ету.
4. Теміржол вокзалын абаттандыруға аудандық бюджетен қаражат бөлгізу.
5. Көктемгі су тасқынын алдын алу мақсатында Қарасу өзені арнасын тазалау.
6. Тұрғын үй салуға инфрақұрылым жүйелерін жүргізіп, жер телімдерін кезектегі азаматтарға беруге атсалысу.
7. С. Есімов көшесінің соңғы жағынан Түрксіб көшесіне дейін көше жарығын орнатуға қаражат бөлгізу.
8. Ауылдағы балалар мен жасөспірімдерді мүмкіндігінше спортпен шұғылдануына жағдай жасау және баулу менің қызметтік те қоғамдық та жұмысым болып табылады.
Жалпақсаз ауылы бойынша:
1. Ауылдағы Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған монументті қоршау кезек күттірмес жұмыс деп білемін.
2. Ауылға ауыз су жүйесін жүргізу үшін жобалық сметалық құжат жасату, әрі қарай ол жұмысқа қаражат қарастыруға белсене атсалысатын боламын.
3. Жалпақсаз бастауыш мектебінің отқазандығын газға ауыстыру таяу арада шешімін табатын болады.
4. Ауыл іргесіндегі зиратты қоршау ұрпақ парызы деп түсінемін және оған қаражатты «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде шешуге болады деп есептеймін.
5. Жалпы ауыл бойынша абаттандыру жұмысын жыл он екі ай атқару қажет және оған баршамыз жұмыла кірісуіміз керек.
Құрметті сайлаушы!
Сіздің маған, Альпеисов Данияр Бейсенбекұлына дауыс бергеніңіз – ауылдың өркендеуіне дауыс бергеніңіз.
Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.