Шойбек Ерсұлтан Ерболатұлы
Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар
Өмірбаяны
Шойбек Ерсұлтан Ерболатұлы 1993 жылы Құлан ауылында өмірге келген.
2000 жылы №1 мектеп-лицейіне барып, оны 2011 жылы бітірген. 2015 жылы Алматы қаласындағы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетін «мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2015 жылы «Қазақ мұнай-газ тасымалдау институты» ЖШС-інде инженер-технолог болып бастаған. 2018-2021 жылдар аралығында «AP Property Management» ЖШС-інде жоба менеджері қызметін атқарған.
2021 жылдың қыркүйек айынан бүгінгі күнге дейін «Құлан таңы» газеті редакциясы» ЖШС-інің директоры қызметін атқарып келеді.
Үйленген, бір қызы бар.
Сайлауалды бағдарламасы
Мен «AMANAT» партиясының атынан аудандық мәслихат депутаттығына сайлауға түсіп отырмын. Егер маған сенім артып, аудандық мәслихат депутаттығына сайлайтын болсаңыздар, өзімнің бар күш-жігерімді тұрғындардың тұрмысын жақсартуға, ауылымыздың өсіп-өркендеуіне, жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жұмсаймын деп Сіздерді сендіре аламын. Ауылдардағы, яғни өз сайлау округімдегі өзекті мәселелерді шешу менің депутаттық ұстанымым болмақ.
Құлан ауылы бойынша:
1. Құдайберген датқа көшесінен Ақмола көшесіне дейін жаяу жүргіншілер жолын жүргізу.
2. М.Жұманбекұлы көшесінің дренаж каналын тазалау.
3. Құдайберген датқа көшесінің жол шұңқырларын жөндеу.
4. Салынатын жаяу жүргіншілер жолына көше жарығын орнату.
5. Төле би көшесіне 330 м, М.Жұманбекұлы көшесіне 170 м науа орнату.
Көкдөнен ауылы бойынша:
1. А.Байтұрсынов атындағы орта мектепті күрделі жөндеуден өткізуге ықпал ету.
2. Қ.Сүлейменов көшесін жарықтандыруға қаражат бөлгізу.
3. Ауылда тұрғындардың спортпен шұғылдануына жағдай жасау мақсатында спорт кешенін салуға ықпал ету.
4. «Тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсарту» пилоттық жобасына алдағы уақытта Көкдөнен ауылдық округін енгізу.
5. Бас жоспарға сәйкес тұрғын үй салуға жер телімдеріне қажетті инфрақұрылымдарын жүргізуге ықпал ету.
6. Ауылдық округ әкімдігінің теңгеріміндегі бос тұрған екі қабатты ғимаратты жөндеуден өткізіп, Өнер мектебіне беруге атсалысу.
7. М.Өзбеков көшесін жарықтандыруға тиісті қаражат бөлгізу.
Құрметті сайлаушы!
ҚаЗАҚТА «ЖАС КЕЛСЕ ІСКЕ» ДЕГЕН ДАНА СӨЗ БАР. СІЗДЕРДІҢ ҚОЛДАУЛАРЫҢЫЗ АРҚЫЛЫ АУДАНЫМЫЗДЫҢ ДАМУЫНА ӨЗ ҮЛЕСІМДІ ҚОСАТЫН БОЛАМЫН.
Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.