Мерекелік құттықтау!
Құрметті аудан тұрғындары!
Баршаңызды келіп жеткен көктемнің алғашқы шуақты мерекесі 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Бұл мереке тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай халқына деген терең тағзымның белгісі.
Дәл осы күні 1995 жылы қазақ халқының санасына бірлік пен тұрақтылық, татулық пен отансүйгіштікті сіңіруді мақсат еткен ұйым – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын. Бүгінде Ассамблеяның құрылған күнімен тұспа-тұс келген бұл мереке ұлтаралық татулығымызды нығайтып, бірлік-берекемізді арттырып, ынтымағымызды еселей түсетін айтулы күндердің біріне айналды.
Елімізде бүгінде 130-дан астам этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп келе жатса, біздің өңірімізді мекен етіп отырған 20-дан астам түрлі ұлт өкілдері аудан өмірінің әр саласында айтарлықтай еңбек етіп, әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлестерін қосуда.
Оның жарқын көрінісін ауданымыздың жыл өткен сайын дамуға бет алып, халықтың әл-ауқатының артқандығынан байқауға болады.
Ардақты жерлестер!
Айтулы күн жақсылықты бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Кең пейілді қазақ халқы қашанда әрбір игі іске ризашылығын білдіріп, алғыс айтып отырған. Осындай құндылықтардың қадіріне жете білген елдің қашанда келешегі кемел болары анық.
Көңілді жадырататын жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын. Сіздерді елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барша қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған айтулы мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!
Аудан әкімі: Ернар Есіркепов.