Мұсақұлов Олжас Нұрланұлы

499 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар

Өмірбаяны

Мұсақұлов Олжас Нұрланұлы 1989 жылдың 20 мамырында Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылында дүниеге келген. 2006 жылы орта мектепті аяқтаған соң, Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетіне оқуға түсіп, аталмыш жоғары оқу орнын үздік дипломмен бітірген. 2011 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті жанындағы «International Business School» тәмамдап, экономика және бизнес магистрі дәрежесін иеленген. 2012-2016 жылдары Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің, Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің, ҚР Қаржы министрлігінің «Қаржы академиясы» АҚ «Экономика» кафедрасының оқытушысы қызметін атқарған. 2016-2018 жылдары «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының сарапшысы, стратегиялық зерттеулер бөлімінің талдаушысы ретінде жұмыс істеген. 2018-2019 жылдары «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша Калифорния университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. (АҚШ, Калифорния штаты, Беркли қаласы).
Мұсақұлов Олжас Нұрланұлы 2021 жылдың 11 қаңтарынан Жамбыл облысы әкімдігі білім басқар­масының Құлан агротехникалық жоғары колледжі директорының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары қызметін, 2021 жылдың 6 қыркүйегінен директордың міндетін уақытша атқарушы қызметін, 2022 жылдан бері Құлан агротехникалық жоғары колледжінің директоры қызметін атқаруда. 2023 жылдан бастап, «AMANAT» партиясының мүшесі.
Үйленген. Екі баланың әкесі.

Сайлауалды бағдарламасы

Құрметті жерлестер! Өздеріңізге белгілі, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында көптеген мәселелердің шешімі межеленіп отыр. Айталық, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша ауданда жалпы саны 74 іс-шара белгіленген. «Жол картасына» сәйкес, ауданымызда 2022 жылы 6000 га жуық игерілмеген жерлерді мемлекетке қайтару жоспарланып, бүгінгі күнде 9814,7 га жер қайтарылған. Меже 164% орындалды. 2022 жылы 3 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Олар: Құлан мектеп-гимназиясы, № 2 шағын орталықты орта мектебі, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептері. Жақсылық және Жаңатұрмыс ауылдық округінде жаңа дәрігерлік амбулатория соғылып, халықтың игілігіне берілді.
Жыл сайын 700-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланса, бүгінде 1199 жұмыс орындары құрылды.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй несиесі 28 жас мамандарға берілді. Жастардың бизнес бастамаларын қолдау мақсатында 128 жасқа (1,2 млн тг) 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз грант берілді.
Мен «AMANAT» партиясы атынан №5-ші округтен аудандық мәслихат депутаттығына сайлауға түсіп отырмын. Депутат болу бұл – халық пен билік арасын жалғау. Халықтың аз қамтылған тобына барынша қолдау көрсету, ауданның өсіп-өркендеуіне үлес қосу, оқушыларды сапалы біліммен қамтамасыз ету, тұрғындардың жайлы тұрғын үймен қамтылуына жағдай жасау. Депутат болып жатсам, төмендегідей жоспарлы жұмыстарды атқармақ ниеттемін.
1. Құлан ауылындағы «Арай» тұрғын үй алқабына инфрақұрылым жүргізілуін бақылауда ұстау.
2. Дәл осы «Арай» тұрғын үй алқабындағы 300 орындық мектеп құрылысы жұмыстарының жүргізілуін бақылауда ұстау.
3. Жақсылық ауылындағы Қызылпан Сұлтанбеков атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне ықпал ету.
4. Жақсылық ауылында ангарлы спорт кешенінің құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне ықпал ету.
Өз елімнің патриоты ретінде шет елден алған тәжірибемді, білімім мен біліктілігімді ұштастыра отырып, ауданымыздың көркеюіне өзіндік үлесімді қосуды мақсат етемін.
19 наурызда іскер әрі жалынды жасқа дауыс беріңіз!

Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.

Поделиться ссылкой: