Абуталипов Ербол Абақұлы
Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар
Өмірбаяны
Абуталипов Ербол Абақұлы 1970 жылдың 25 шілдесінде Қызылшаруа ауылында дүниеге келген.Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Жамбыл гидромелиорация институтын инженер-механик мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1992 жылы Қызылшаруа ауылында машиналар ауласының меңгерушісі болып бастаған. 2000 жылы Тараз мемлекеттік университетінен тарих және география мамандығы бойынша сырттай білім алған. 2000-2007 жылдары Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі, мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. Ал 2007 жылдың қыркүйек айынан 2011 жылдың қыркүйек айына дейін Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының тексеру комиссиясының төрағасы қызметін атқарған. 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап, М.Горький атындағы орта мектептің директоры болып жұмыс атқарса, 2013-2017 жылдары Луговой ауылының әкімі, 2017-2018 жылдары Т.Рысқұлов аудандық білім бөлімінің басшысы қызметтеріне тағайындалып, ауданның дамуына өз үлесін қосты.
2018 жылдың қазан айынан бастап, аудандық сайлау комиссиясының хатшысы, 2020 жылдың тамызында Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің директоры, 2021-2023 жылдар аралығында Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының хатшысы қызметін атқарған. 2006 жылдан бастап, бұрынғы «Нұр Отан, қазіргі «AMANAT» партиясының мүшесі. Аудандық мәслихаттың IV-V, VII шақырылымының депутаты болған.
Аудан, облыс әкімінің «Құрмет» грамоталарымен, ҚР Президентінің «Алғыс хатымен», «ҚР мәслихатына – 20 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне – 30 жыл» медальдарымен марапатталған.
Отбасылы, екі баласы бар.
Сайлауалды бағдарламасы
Құрметті жерлестер! Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаты ретінде менің тарапымнан көптеген жүйелі жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсам, партия аудандық филиалының қабылдау бөлмесінде, сондай-ақ, көшпелі қоғамдық қабылдауларда 23 қабылдау өткіздім. 13 тұрғынның өтініші қанағаттандырылып, оң шешімін тапты. Елді мекендерді газдандыру бойынша Қорағаты, Қызылшаруа ауылдарына көгілдір отын жеткізу бойынша біршама жұмыстар атқардым. Құрылыс жұмыстары мен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан әлеуметтік нысандарға (Құлан мектеп-гимназиясы мен № 2 шағын орталықты орта мектебіне жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары) тұрақты түрде партиялық рейдтер ұйымдастырып, жұмыстардың сапалы орындалуын бақылауда ұстадым.
Құрметті сайлаушылар! Мен өмірлік тәжірибем мен біліктілігімді пайдалана отырып, ауданымыздың экономикалық-әлеуметтік дамуына, халықтың тұрмыс-тіршілігін көтеруге өз септігімді тигізетін боламын. Осы орайда, №12 округтен сайлауға түсіп жатқан кандидат болғандықтан, Сіздердің назарларыңызға өзімнің сайлауалды бағдарламамды ұсынамын.
1. Луговой ауылындағы мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне ықпал ету.
2. Луговой ауылындағы 2 көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал ету.
3. Қызылшаруа ауылына ангарлы спорт кешені құрылысының жүргізілуіне ықпал ету.
4. Қызылшаруа ауылында 90 орындық клуб құрылысы жұмыстарының жүргізілуіне ықпал ету.
Ардақты ағайын! «AMANAT» партиясының маған көрсеткен қолдауы мен Сіздер білдірген зор сенімнің арқасында бірге жеңіске жетеміз! Күнделікті өмірде жоғарыда аталған мәселелерден басқа да проблемалар туындайтыны сөзсіз. Сондықтан барлығымыз бірге жұмылып, бұл мәселелердің оңай шешімін таба аламыз!
Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.