Жастар саясаты жөніндегі заң күшіне енді

403 Views

Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан болар, соңғы кездері аталмыш буын өкілдеріне ауыз толтырып айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Соның бірі – жастардың жасын ұлғайту. Мамандардың айтуынша, бұл баянды бастама алдағы уақытта жастар ісі жөніндегі мәселелерді шешуге арналған нық қадам.
Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап Қазақстанда жастардың жасы 29-дан 35 жасқа дейін ұлғайтылды. Осылайша елдегі жастардың үлесі 3,7 млн-нан 6 млн-ға дейін көбейіп отыр. Бұл туралы жуырда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің сайтында ресми түрде айтылды. Енді 35 жасқа дейінгі азаматтар жас отбасыларға арналған жеңілдіктерге ие болу, жеңілдетілген несие алу сынды өзге де игіліктерге ие бола алады.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: