Ерболат Ибрайханов: қыстың қамын жазда ойлауымыз қажет

250 Views

Өткен аптада ауданға арнайы ісса­пармен облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайханов келді. Жұмыс сапары барысында облыс әкімінің орынбасары ең алдымен аудан аума­ғында орналасқан әлеуметтік-мәдени нысандардың отқазандықтарын тексе­ріп, жылыту маусымының барысын саралады.
Аралау жұмыстарынан кейін Ерболат Мақсұтханұлы аудан әкімі Ернар Серікәліұлымен бірлесіп, әкім­діктің үлкен мәжіліс залында Байзақ, Меркі және Т.Рысқұлов аудандарына қарасты жауапты сала басшыларының қатысуымен облыстық көшпелі штаб отырысын өткізді. Аталмыш штаб отырысында 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымының өту барысы, кездескен кедергілер мен маңызды мәселелер қозғалды.
– Бүгінгі жиынның басты тақырыбы – жы­лыту маусымының жүргізілу барысы. Өздеріңізге белгілі, биыл қыс қатты суық болды. Дегенмен, біз алды­мыздан шыққан қиындықтарды сәтті еңсере алдық. Алдағы уақытта мұндай оқыс оқиғалар мен төтенше жағ­дайларды болдырмас үшін қысқа дайын­дық жұмыстарын бүгіннен бастауымыз қажет. Бір сөзбен айтқанда, қыстың қамын жазда ойлағанымыз абзал. Сонда ғана біз алдағы қыстан аман-есен шығатын боламыз, – деп үш бірдей ауданның аталмыш салаға жауапты мамандарынан есеп алды.
Жиын барысында сала басшы­лары биыл кейбір оқу ұйымдарына қатты отынның жеткізілу процесі қиын­дық туғызғанын айтты. Жауап­тылар аталмыш мәселелерді облыс деңгейінде шешіп беруді өтінді. Сондай-ақ, бөлім басшылары тарапынан қазан­дықтарды көгіл­дір отынға ауыстыру, қосалқы жылыт­қыштарды ретке келтіру сын­ды мәселелер де облыс әкімі орынбасарының назарына ұсы­нылды.
Жиын қорытындысы бойынша аталған мәселелер хаттамаға тірке­ліп, назарға алынды.

Жәнібек СҰЛТАН.

Поделиться ссылкой: