Аналар алғысқа бөленді

229 Views

«Ана деген кім?» десең,
Алаулаған таң дер ем.
Қанша тәтті болса да,
Анам үшін жан берем», – деген өлең жолдары мына менің жадымда мәңгілік сақталып қалғандай. Неге екенін білмеймін, екі-үш жыл бұрын осы шумақты бір жерден оқып, әлі күнге дейін ұмыта алар емеспін. Тіпті, авторы кім екенін де білмеймін. Бірақ ондағы сөздер жүрегіме тым жақын.
Рас қой! Ана – өмірдің мәні, керек десеңіз, шаңырағыңыздың сәні. Сырласқанда дос бола алатын, жүрекке тым жақын адам, ол – Ана.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Құлан ауылының әкімі Еркін Сейтжапаров Қарақат ауылына арнайы барып, бірқатар ақжаулықты аналарға құрмет көрсетті. Ауданның дамуына өзіндік үлесін қосқан ақ жаулықты әжелердің кеудесіне «Ауданның Құрметті ардагері» төсбелгісін тағып, шынайы алғысын жеткізіп, мерекелерімен құттықтады.
Айта кетейік, аталмыш іс-шараға ауыл ақсақалы Үмбет Жанәділов те қатысып, аналарға ақжарма тілегін арнады.

Жәнібек СҰЛТАН.

Поделиться ссылкой: