Не? Қайда? Қашан?
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінде өткізілетін іс-шаралар тізбесі
21-22 наурыз сағат 10.00-18.00 Ауылдық округтерде Наурыз мерекесіне арналған «Армысың, әз-Наурыз!» атты мәдени-көпшілік мерекелік іс-шаралар, ұлттық спорттық ойындар, ұлттық ат спорты жарыстары /көкпар, бәйге/ т.б.
21 наурыз сағат 10.00-14.00 Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар /қазақ күресі, асық ату, қол күресі, қой көтеру, арқан тарту т.б./
Өтетін орны: Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, Орталық алаңдағы «Ақ босаға» тойханасының алды.
21 наурыз сағат 9.00-14.00 «Ұлттық салт-дәстүрлерге негізделген қолөнер бұйымдары мен сурет көрмесі»; «Ұлттық құндылықтар – ұлт байлығы» этнографиялық-танымдық музей экспонаттары көрмесі; «Ұлттық бұйымдар жәрмеңкесі»; Ауданның қолөнер шеберлері бұйымдарының жәрмеңкесі;
Өтетін орны: Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, М.Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің алды;
21 наурыз сағат 10.00-18.00 «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты аудандық мерекелік мәдени-көпшілік іс-шаралар, театрландырылған қойылым мен мерекелік концерт;
Өтетін орны: Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, Орталық алаң.
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін бірге қарсы алайық!
Келіңіздер! Көріңіздер!