Биологиялық белсенді қоспалар туралы не білеміз?

180 Views

Қазіргі уақытта адамдар әртүрлі дәрумендер ретінде биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) қабылдап жатады. Дегенмен, олардан қалаған нәтиже ала алмай, көңілі толмай жататындар да кездеседі. Биологиялық қоспаларға: мультивитаминдер, минералды кешендер, эхинацея сығындысы, омега 3, хондопротекторлар және иммуномодуляторлар кіреді.
Дәріханаларда әртүрлі түрдегі биоқоспаларды (дәрілер, капсулалар, ұнтақтар, тұнбалар, бальзамдар, сироптар, гелдерді) ұсынады. Табиғи немесе табиғи ұқсас заттарды аз көлемде (ББҚ) ішуге, тамаққа, кремдерге, бальзамдарға және т.б. қосуға болады. ББҚ құрамына өсімдіктер, шөптер, минералдар, тағамдық талшықтар, ара өнімдері, теңіз өнімдері, балдырлар, пробиотиктер, ашытқылар және басқа да заттар кіруі мүмкін. Бірақ, дәріні олармен ауыстыруға, сондай-ақ, ауруды өз бетінше емдеуге болмайды.
Егер сіз ББҚ қабылдасаңыз, онда оның мөлшерін сақтау қажеттігін есте ұстаңыз. Мысалы, бета-каротиннің шамадан тыс мөлшері темекі шегу­шілерде өкпе обырының даму қаупін арттырады. Ал кальций мен D вита­ми­нін көп тұтыну бүйректе тастардың пайда болу қаупін арттырады. ББҚ пайдалана отырып, олардың дәрі-дәрмек емес екенін және арнайы сертификаттауды талап етпейтінін біліңіз. Яғни, олар дәрі-дәрмек ретінде арнайы сынақтан өтпейді. Бірақ оларды дәріханаларда сатып алуға болады.Жалпы биологиялық белсенді қоспалар адамды емдемейді. Олар аурулардың алдын алу құралы болып табылады. Олар адам ағзасын тамақ арқылы алатын пайдалы заттар мен минералдардың жетіспеушілігін өтеуге болады. Әсіресе, жүйке және дене жүктемелерінің жоғарылауы кезінде, сондай-ақ, адам аурудан кейін қалпына келгенде өте маңызды. Сондай-ақ, жарнамаланатын биоқосымшаларды қабылдау алдында міндетті түрде емдеуші дәрігерге барыңыз.
Есіңізде болсын, кейбір қоспалар дәрілік дәрі-дәрмектермен өзара әрекеттеседі. Бұл ағзаға жағымсыз және қауіпті салдары болуы мүмкін. Ал дәрі-дәрмектерді басқа дәрігер сізге қабылдауға жазып берсе, онда оған қандай қоспаларды қабыл­дай­тыныңызды айтуды ұмытпаңыз. Қоспаларды сауатсыз, заңсыз қолдану қайғылы және жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін.

А.ӘМІРЖАНҚЫЗЫ,
аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы.

Поделиться ссылкой: