Шоқ тілді Шона
20 ViewsӨткен сәрсенбіде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Жүз шымшыма»…
Жамбыл облыстық мәслихат депутаттығына кандидат
ӨМІРБАЯНЫ
Бұламбаев Дархан Кеңесұлы 1976 жылдың 1 қаңтарында Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Жарлысу ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. 1982 жылы Жарлысу сегіз жылдық мектебіне бірінші сыныпқа қабылданып, 1990 жылы Айтқұл Шынасілов атындағы тоғыз жылдық, кейіннен, яғни 1992 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептен 11 жылдық сыныпты бітірген. 1993 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 1999 жылы «Тарих» мамандығы бойынша тәмамдаған. Білімі – жоғары.
1994-1995 жылдары әскерде болып, азаматтық борышын өтеген. 2000 жылдың 16 тамызында Жарлысу ауылындағы Айтқұл Шынасілов атындағы орта мектепке тарих пәнінің мұғалімі болып қабылданған. 2002 жылдың 1 ақпанынан Айтқұл Шынасілов атындағы орта мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2005 жылдың 1 қыркүйегінен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып еселі еңбек еткен. 2012 жылдың 22 маусымынан 2021 жылдың 11 қазанына дейін Айтқұл Шынасілов атындағы орта мектептің директоры қызметін атқарған.
2021 жылы Алғабас орта мектебіне тарих пәнінің мұғалімі болып ауысқан. 2021 жылдың 23 қазанынан бастап, Алғабас орта мектебінде директордың бейіндік жөніндегі орынбасары болды. 2022 жылдың 26 тамызынан бастап, Қорағаты шағын орталықты орта мектебінің директоры қызметін атқаруда.
Отбасылы. 6 баланың әкесі.
Сайлауалды бағдарламасы
Құрметті жерлестер! Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, ел экономикасы мен өндірісі өркендеп, ауылшаруашылығы саласы қарқынды дами түсті. Шүкір, халықтың тұрмысы артып, дамыған елдердің санатына қосылдық. Біздің бабаларымыздың аңсағаны да осы емес пе еді? Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханұлы «Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден » деген. Мен еңбек жолымды ұстаздықтан бастаған азаматпын. Сондықтан бұл сөздің маңызы мен құндылығын өте тереңінен түсінемін. Және де бүгінгі ұрпақ осы сөздің қадірін түсініп, керегіне жаратса деймін.
Құрметті сайлаушылар! Депутат болу – атақты болу деген сөз емес. Мен – тарихшымын. Сондықтан менің дүниетанымымда атақ қуу, марапатқа кенелу деген принцип мүлде жоқ. Менің бар мақсатым – халыққа адал қызмет ету. Жамбыл облыстық мәслихатына депутаттыққа сол үшін де түсіп отырмын. Халықтың пікірімен санасып, елдің үмітін ақтау үшін аянбай тер төгіп еңбек ету – әрбір еңбек адамының борышы деп білемін. Ұлт болашағына алаңдайтын азаматтар көп. Соның бірі – менмін десем болады. Егерде Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттық мандатына ие болып жатсам, жеке бастың мүддесі емес, елім үшін, мені сайлаған сайлаушылардың мүддесі үшін қызмет істейтін боламын. Бар білімім мен осы уақытқа дейінгі жиған тәжірибемді соған жұмсаймын. Өзімнің сайлауалды бағдарламама мынадай пункттерді де енгізіп отырмын.
1. Ауыл шаруашылық саласын дамыту мен ауылдарды өркендету, ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілеріне мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктерін енгізу;
2. Мал шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған мол мүмкіндіктерді ұтымды пайдалану, бәсекелестікке қабілетті сапалы өнім шығаруға ұмтылу;
3. Жер, су, жайылым мәселелері бойынша жүйелі жұмыс жүргізуді жоспарлап отырмын. Жайылым жерлер күннен-күнге тарылып барады. Бұл мәселе менің басты назарымда болады.
4. Туған өлкемдегі өзекті мәселелер мені әрқашан алаңдатады. Қазір халықтың көбі жұмыссыз, жұмыссыздықты азайту үшін Құлан және Меркі ауылында үлкен кәсіпорындар салынуы қажет. Бұл мәселені көтеруге де атсалысамын.
5. Ауданымызда мектептер санын, спорт кешендерін, саяжайлардың, тұрғын үй проблемасын шешу жолдарын қарастыру – менің басты мүдделерімнің бірі болмақ.
6. Аудандағы мектептердің сапалы білім беру үшін материалдық-техникалық базаларын жақсарту мәселесі де менің ұдайы назарымда болады.
7. Жергілікті тұрғындарың мұң-мұқтажы мен ұсыныс-тілектерін тыңдап отыру үшін қоғамдық қабылдау бөлмелерін Меркі және Құлан ауылында ашуды жоспарлап отырмын.
Мені қолдап, дауыс беріңіздер!
Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.