100-ге жуық адам Әнұранды шырқады
26 ViewsАлтын күн аспаны, Алтын дән даласы. Ерліктің дастаны, Еліме қарашы. Ежелден ер деген, Даңқымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой. Қайырмасы: Менің елім,…
Бұдан былай «Соттан тыс банкроттық процедураны қолдану» атты мемлекеттік қызметі eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильдік қосымшасында қолжетімді болады. Қызмет соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану және тоқтату туралы өтініш беруді көздейді. eGov.kz. порталында және eGov Mobile қосымшасында банкроттыққа өтінішті борышкердің өзі ғана бере алады. Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған бастама.
Борышкер eGov.kz порталында және eGov mobile қосымшасында өтініш бермес бұрын құжаттардың толық пакетін жинау керек. Сондай-ақ, қызметке өтінім беру үшін екінші деңгейлі банктерден қажетті растамаларды алғаны абзал.
Соттан тыс банкроттыққа өтініш беру үшін:
– Банкрот деп тану туралы соттан тыс арыз беру шарттарының сақталуын растау;
– некеде болу жағдайында жарының ЖСН-ін көрсету;
– несиелер бар қаржы институттары туралы мәліметтерді толтыру;
– салық органын көрсету және құжаттардың көшірмелерін қосу;
– АӘК алушы болса, белгі қою;
– егер міндеттемелерді орындау мерзімі 5 жылдан астам болса, белгі қою;
– өтінішке бір реттік құпия сөз немесе ЭЦҚ арқылы қол қою керек;
– өтінішті жібергеннен кейін өтініш берушінің жары Жеке кабинетте өтінішті мақұлдайды.
*Қызмет нәтижесі 15 жұмыс күні ішінде Жеке кабинетте шешімге сілтеме түрінде пайда болады. Шешімді ҚР сайтынан қарауға болады. Соттан тыс банкроттық рәсімі 6 айға дейін созылады.
Аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімі.