Автокөлікті өрттен қорғаудың алғышарттары

258 Views

Т.Рысқұлов ауданы төтенше жағ­дайлар бөлімі автокөліктердегі өртті болдырмау мақсатында белгілен­ген жұмыстар атқарып жатқанына қара­мастан, өртке оранған автокөлік саны жылдан жылға көбейіп барады. Оның үстіне, өрттердің басым бөлігі автокөліктің қозғалысы кезінде орын алып, жеке қолданыстағы көліктердің үлесіне тиесілі болып отыр.
Құрметті автокөлік жүргізушілері! «Сақтықта – қорлық жоқ» демекші, автокөлікті жүргізер алдында көліктің қаншалықты жүруге жарамдылығын арнайы автокөлік жөндеу орталығына тексертіп, уақытында техникалық байқаудан өтіп тұрған абзал. Автокөлік құралдарының өртке қарсы жағдайын жақсарту және ондағы өрттердің алдын алу мақсатында техникалық тексеру жүргізу кезінде келесі мәселелерге баса назар аударуды ұсынады:
• қуат көзі жүйесінің герметивті жалғануы;
• электр сымының кузов элементтері мен аспап қалқанына берік жалғануы;
• қосымша электр құрылғыларының: электрлік оталдыру шығырының, тұманға қарсы шамдарының, қосым­ша сигналдардың және т.б. дұрыс орнатылуы;
• ақаусыз өрт сөндіру құралының болуы. Автотұрақ бөлмелерінде гараждарда жол бермеу қажет:
• жанар-жағармай багінен, жанар-жағармай өткізгіштерінен, карбюраторлардан майы ағып тұрған, сонымен қатар электрмен қамтамасыз ету жүйелері өшірілмеген автокөліктерді тұрғызуға;
• электр сымдарын дәнекерлеусіз қосуға;
• автокөліктерді бояуға, мөлшерден тыс жанар-жағармай құюға;
• бөлшектерді тез лаулайтын және жанатын сұйықтықтармен жууға;
• жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде ашық от қолдануға болмайды.

Аудандық Төтенше
жағдайлар бөлімі және №10 өрт сөндіру бөлімі.

Поделиться ссылкой: