Театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын

2 971 Views

27 наурыз – Халықаралық театр күні. Осыған орай өткен аптада Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Театр – өмір айнасы» атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік кеште Басқар Битанов атындағы халықтық театр әртістері Нұрсипат Құлмышева мен Тұңғышбай Сәдуақас «Амалым қанша?», Мият Медетов пен Ерасыл Аманбек «Ұлым саған айтам..!» атты сахналық көріністерін ерекше актерлік шеберліктері арқылы сомдаса, театр меңгерушісі Эльмира Асылбекова мен Тұрсын Міржақыпов орындаған монологтар залда отырған азды-көпті көрерменнің көңілін тербетпей қоймады. Мұндайда жүректің тебіренбеуі мүмкін емес. Құлазисың. Назданасың. Өзіңе-өзің сауал қоясың. Адамдық қалпыңа қайта ораласың. Ең бастысы, театрдың «тірі ағза» екенін түсінесің.
Мерекелік кеш аудандық мәдениет үйі көркемөнерпаздары шырқаған әсем әндермен жалғасты.

Жолдасбектің Мараты.

Поделиться ссылкой: