Өз өлкеңді танисың ба?
50 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
2021 жылдан бастау алған «Жомарт түлек» жобасы бүгінгі таңда өз жалғасын табуда. «Жомарт түлек» жобасы туған жеріне танымал, түрлі салада еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа насихаттау, өңір тумаларын туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдауға тарту, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, коммуналдық шаруашылық және өзге де салалардағы әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру мақсатын көздейді.
Осы жоба аясында жақында Қызылпан Сұлтанбеков атындағы орта мектепте «Жомарт түлек – 2023» форумы ерекше форматта «Төр» бағдарламасы бойынша өтті. Форумға мектебімізге, ауылымызға, аудан аумағында демеушілік жасап, қолдау көрсетіп жүрген, халқына қызмет ету, жақсылық жасау – ізгілікті іс деп білетін Жақсылық ауылының бір топ азаматтары қонақ ретінде шақырылды. Атап айтсақ, Досаев Тұрсынбек Зікірбайұлы, Мамырбаев Сәтжан Пойызбайұлы, Байтуманов Қожамұрат Оңғарбайұлы, Жусанбаев Ғалымжан Бейсенұлы, Карбозов Жетпісбай Жылқыбайұлы, Ақымбекова Гүлмира Сайлауқызы, Самбетов Жомарт Серікұлы келді. Бұл азаматтар әр түрлі салада жетістікке жетіп жүрген белсенді тұлғалар.
Келген қонақтарды мектеп фаесінде оқушылар құрмет көрсетіп, әсем әнмен қарсы алды. Кездесу барысында жомарт түлектер оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, жобаның жастарға үлгі боларлық мән-мағынасы зор екенін айтып, мұндай келелі кездесуге шақырту алғанда қуанып, сағынышпен еске алатын, ең ыстық кезеңді қайта саналарында жаңғыртып, түлектердің басын қосқаны үшін ұстаздарға алғыс білдірді.
Кездесу соңында жомарт түлектерге Қызылпан Сұлтанбеков атындағы орта мектебінің ұжымы атынан арнайы дайындалған сыйлықтар табыс етілді.
Қызылпан Сұлтанбеков атындағы орта мектептің әкімшілігі.