Игі істің басына – жақсы келер қасына
27 ViewsҚазақта «Игі істің басына – жақсы келер қасына» деген қанатты сөз бар. Ауылымызда қашанда игі бастамаларды қолға алып, көпшіліктің құрмет-қошеметіне ие болып жүрген азаматтар…
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу негізінде үміткер отбасы атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына, ал тұрғылықты жері бойынша Орталық болмаған жағдайда – ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді.
Сонымен қатар Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің 2021 жылғы 19 наурыздағы хаттамасына сәйкес, 2021 жылғы 1 сәуірден бастап АӘК тағайындауға өтініштерді қабылдау «Электронды үкімет» порталы (egov.kz) арқылы және проактивті (смс хабрлама) формат арқылы жүзеге асырылады.
Атаулы әлеуметтік көмектің ерекшеліктері – егер отбасындағы азаматтар еңбек етуге қабілетті болса, онда көмек әлеуметтік жұмыс ұсыну аясындағы келісімшарт негізінде жасалады. Бұл ретте отбасының еңбек етуге қабілетті мүшелері жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға міндетті болады. Егер еңбек етуге қабілетті азаматтар мұндай шаралардан бас тартатын болса, онда атаулы әлеуметтік көмек тек отбасындағы балаларға ғана тағайындалатын болады. Заң жобасына сәйкес, отбасы құрамында еңбекке қабілетті мүшелері болмаған немесе олар белгілі себептерге байланысты жұмыс істей алмайтын болса, онда ондай отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек келісімшартсыз табыстың мөлшеріне қарай тағайындалады.
Бұл жерде атап өтетін жәйт, адамға жай ақшалай көмек беріліп қана қоймай, оның жұмысқа тұруы үшін көмек көрсетіледі, түрлі қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына жібереді және шағын несие береді.
Атаулы әлеуметтік көмек ең алдымен аз қамтылғандарды қолдауға бағытталған. Ал кейбір азаматтар үшін өмірлік қиын жағдайдан шығудың жолын табудағы ынталандыру болады.
Аталған көмектің түрі Тұрар Рысқұлов ауданында да белсенді түрде ұйымдастырылып, жұмыстар жүргізілуде. 2023 жылдың 1 сәуіріне «Халықты жұмыспен қамту орталығына», ауылдық округ әкімдіктеріне барлығы 435 отбасы қайырылып, құжаттарын тапсырып, 435 отбасы, 2444 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. Аталған көмектің түрін алушы отбасылар ішінен еңбекке қабілетті азаматтарын жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жұмыстары бойынша ағымдағы жылдың 3 айында 91 адам (о.і. 55 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 15 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 18 адам тұрақты жұмысқа, 1 адам жастар тәжірибесіне жұмысқа тартылса, 2 адам қайтарымсыз мемлекеттік грант иегері болды) тартылған.
Осылайша, атаулы әлеуметтік көмек аз қамтылған отбасыларға немесе азаматтарға қолдау көрсете отырып, кедейшілік шегінен шығару үшін кешенді қарастыруды көздейді.
М.Алкереев,
аудандық «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің консультанты.