Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер

224 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық ардагерлер кеңесі ұлттық салт-дәстүрімізді, батаның тәрбиелік мәнін насихаттау мақсатында «Батаменен ел көгерер» тақырыбында аудандық байқау жариялайды.
1. Байқаудың мақсаты – бата беру дәстүрін дәріптеу, жас ұрпақты үлкендерді құрметтей білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу, батаның ғибраттарын жастарымыздың бойына сіңіру.
2. Байқауға 60-жастан асқан азаматтар қатыса алады. Байқауға әр ауылдық округтен 1 батагөй қария қатыстырылады.
3. Байқауға қатысушы берілген сұрақтарға байланысты батасын нақышына келтіре жатқа айтуы қажет. Батаның мазмұны ел тірлігі, азаматтық парыз, елдің тұтастығы, татулық, берекелі бейбіт өмір, сонымен қатар батагөйлер елдегі ынтымақ пен бірлікті паш етуге міндетті.
4. Аудандық байқау 2023 жылы 4 мамыр күні сағат 10.00де М.Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде өтеді.
5. Аудандық байқаудың жеңімпазына 2023 жылы 6 маусым күні сағат 11.00де Тараз қаласында өтетін облыстық батагөйлер байқауына қатысуға жолдама беріледі.
6. Қазылар алқасы: – Байқауға қатысушылардың ұлттық киім үлгісіне, сахна мәдениетіне, бата мазмұнына, сөз шеберлігі мен шешендігіне, дауыс ырғағына ерекше назар аударады. Батагөйлерге 3-5 минут уақыт беріледі.
7. Байқауға қатысушылар мен жүлдегерлер дипломдар және сыйлықтармен марапатталады.

Аудандық ардагерлер кеңесі.

Поделиться ссылкой: