Жеңіс туы желбіресін!
83 ViewsЖуырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Жеңіс туы желбіресін!» байқауының гала-концерті өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық…
Өткен жұмада ауданымыздағы сәулеті келісті мейрамханалардың бірі «Ақбосағада» Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан ауызашар берілді. Ауызашарға әр ауылдық округтен ауызы дуалы ақсақалдар арнайы қонақ ретінде шақырылды. Рамазан айында жайылған ақ дастархан басында ел бірлігі мен тұтастық төңірегінде сүбелі сөздер айтылды. Жамағаттың басын қосқан игі шараға аудан әкімі Ернар Есіркепов те қатысып, бірлік бар жерде тірлік алға басатынын тілге тиек етті. Орталық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажы Жадыраев елдің татулығы жайында уағыз айтып, соңынан Құран оқыды.
«Құлан таңы» ақпарат.