Сот кабинеті

326 Views

«Сот кабинеті» – бұл сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтерін қолдануға мүмкіндік бе­ре­тін біртұтас терезе, ол арқылы азаматтар, олардың өкілдері немесе адвокаттары ғаламтордың көмегімен өтініштері мен арыздарын электронды түрде жібере алады. Сонымен бірге мемлекеттік бажды онлайн режимінде төлеу, сот құжаттарын қарау, істің тарихымен танысу мүмкіндіктері де қарастырылған. Жаңадан енгізілген аталмыш қызмет түрлері мүдделі тұлғаларға істің қаралу мерзімдерін бақылап отыруға пайдасын тигізеді.
Сот кабинеті пайда­лану­шы­ла­ры­ның қатарына жататындар: Қазақстан Республикасының азаматтары, мем­ле­кеттік органдар мен олардың құры­лымдық бөлімшелері, адвокаттар, жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
«Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін «Халыққа қызмет көрсету орта­лығында» электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет.
Электронды құжаттарды беру сер­висін пайдаланушылар сотқа «Қосымша құжаттарды жіберу» бөлімін пайдалану арқылы құжаттарды қосымша жібере алады. «Кассациялық шағым» сервисін жүзеге асыруда шағым беруші «Сот актілерін қайта қарау» бөлімі ар­қылы өз таңдауын жүзеге асырады. Жіберу туралы талон беріледі. Содан соң «Іс бойынша құжаттар» бөлімін пайдаланып, өздерінің пікір, талап, арыз, ескертулерін жібере алады. Құжат беруші әрі қарай электрондық арыз толтырады. «Өтініштер» бөлімін таң­дауды жүзеге асырады. Ол үшін электрондық өтініш нысанын тол­тырады. Толтырып болған соң дұрыс­тығын тексеруді жүзеге асырады. Элек­трондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады. Содан соң жіберу туралы талон қалыптастырылады. Жіберілген құжаттар «Берілген құжат­тар» қосымша бетінде көрсетіледі. Электрондық құжаттарды беру жүйесін пайдаланушы істі қарау барысының динамикасымен танысуына болады.
Осының барлығы заманның та­ла­бына орай орындалып жатқан жаңа­лықтар легі десе болады. Сондықтан жаңалықтарды пайдалана отырып, уақытты тиімді пайдаланып әрі нақты жауаптарға дер кезінде қол жеткізуге болады. «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы сотқа электронды құжаттар беру тәртібі туралы нұсқаулық ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексіне «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» ҚР-ның заңдарына сәйкес әзірленді. «Сот кабинеті» сервисі арқылы мемлекеттік органдардан электрондық түрде талап арыздарды қабылдау жұмыстарының ұйымдастыру нәтижесінде қағаз құжат айналымы азайып, оның орнына заман талабына сай электронды құжат айналымы жұмыстарын күшейту күтілуде.

Х.Сегізбаев,
аудандық соттың бас маманы.

Поделиться ссылкой: