«Мобильді ХҚКО» қосымшасынан хабарыңыз бар ма?

324 Views

«Мобильді ХҚКО» қосымшасы азаматтардың өмірін жеңілдетеді. Қосымша арқылы:
– бейне қоңырау бойынша 38 мемлекеттік қызметке тапсырыс беруге;
– бейне қоңырау арқылы кеңес алуға;
– ХҚКО-на кезекті брондауға;
– QR-кодты сканерлеу арқылы электрондық талон алуға;
– ең жақын орналасқан ХҚКО-ның мекенжайын білуге;
– сондай-ақ, құжаттар бойынша өзге де сұрақтарға жауап алуға болады.
Жыл басынан бері қосымшаға 50 мыңға жуық бейне қоңырау келіп түскен. Тапсырыстардың ішінде ЭЦҚ алу ең танымал қызмет болып табылады. Оған қоса, қосымша арқылы 37 мемлекеттік қызметке тапсырыс беру қолжетімді. Сұранысқа ие қызметтер : ЭЦҚ алу, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару, уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу, жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау.

Аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы.

Поделиться ссылкой: