Текті сөздің төресі – терме

187 Views

Жақында М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінде ауданымыздың 85 жылдығына орай дәл осындай тақырыпта аудандық жыршы-термешілер байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – өсиет негізден құралған жыр-терме құндылығын өскелең ұрпаққа насихаттау.
Байқауға 20-50 жас аралығындағы 13 үміткер қатысып, бақ сынады. Жыр-терме байқауына аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев, аудандық ақсақалдар Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Мырзабек Манғұтов, аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Айнұр Баймұратова және Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі Амандық Қадіров қазылық етіп, әділ бағаларын берді. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынға жарлысулық Ардақ Мелдебек, луговойлық Асылбек Үмбеталиев, қорағатылық Мөлдір Еркімбаева ие болса, жүлделі ІІ орын ақыртөбелік Камшатбек Ембердиев пен қарақыстақтық Жазира Сейтбекованың еншісіне бұйырды. Байқаудың бас жүлдесін, яғни жүлделі бірінші орынды луговойлық Жансая Сәрсенбаева жеңіп алды. Байқау соңында қатысушыларға алғыс хаттар мен білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің демеушілігімен бағалы сыйлықтар табысталды.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: