240 Views
Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуіріндегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңына сәйкес, Қорағаты ауылдық округінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Қазіргі дамыған заманда көптеген мемлекеттік қызметтерді, куәлік, растама қағаздары, анықтама және рұқсат қағаздарын электрондық үкімет (e-gov) арқылы wi-fi мобильдік жүйесі интернет қосылған кез келген компьютерден алады. ЭЦК алу үшін жеке куәлік және ұялы телефоныңыз интернетке қосылу керек.
Қорағаты ауылдық округінде «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істейді. Бұл жерде тұрғындарға барлық мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндіктер жасалған. Ауыл тұрғындарының үйлерінде wi-fi мобильдік жүйесі немесе интернте қосылмаған болса, осы мүмкіндіктерді пайдалана алады. Қорағаты ауылындағы кітапхана ғимаратында «Цифрлы ақпараттандыру» орталығы, яғни «ЦАО» жұмыс істейді. Осы жерден сіз өзіңізге қажетті кез келген мемлекеттік қызметтерді ЭЦК арқылы шығара аласыздар. Барлық құжаттарыңызды шығарып алуға арнайы маман көмектеседі. Мемлекеттік қызметтерді онлайн арқылы алу сіздің уақытыңызды үнемдеуге мүмкіндік береді. Ол үшін ауылдық округте ыңғайлы әрі тиімді жағдайлар жасалған.
Ж.Қоңдыбай,
Қорағаты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.
Поделиться ссылкой: