Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Бүгінде тәуелсіз Қазақстан бейбітшілігі мен татулығы жарасқан іргелі мемлекетке айналды. Әрі қазақ халқы толеранттылығының тарихи қырлары мен еліміздегі этносаралық қатынастар көпке үлгі болып отыр.
Қазіргі таңда Тұрар Рысқұлов ауданында 15 ауылдық округ, 42 елді мекен бар. Халық саны 70048 адамды құрайды. Халықтың ұлттық құрамы 20-дан астам өзге ұлт өкілдерінен құралған.
Аудандағы елді мекендерде басым көпшілігін қазақтар, сонымен қатар орыстар, татарлар, қырғыз және өзбек ағайындар да бар. Ауданымызда 5 этно-мәдени бірлестік белсенді жұмыс атқарады. Олар қазақ, орыс, өзбек, қарашай-шешен, неміс этно-мәдени бірлестіктері.
Өткен жылы этно-мәдени бірлестіктерінің қатысуымен 21 дөңгелек үстел, Алғыс айту күніне орай «Алғысым шексіз» атты этно-мәдени бірлестіктердің көрмесі, «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты іс-шара, «Асыл әже» әуесқой клубының концерті т.б 60-қа жуық іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді.
Ұлттарды ұйыстырған ұямызда ұлтаралық бірлік пен ынтымақтың тұғырлы болуында әр азаматтың үлесі бар.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.