ҚАРАСОРАҒА қарсы күрес жүргізілді
56 ViewsБүгінде аудан аумағында «Қарасора – 2026» жедел- профилактикалық іс-шарасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өткен аптада осыған сәйкес аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі…
Өткен сәрсенбіде Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Календеров Нұржан Сәбитұлы жұмыс сапарымен ауданымызға келді. Жұмыс сапары барысында Нұржан Сәбитұлы Луговой ауылындағы жөндеуден өткен көп пәтерлі үйлердің, Р.Сәбденов, Ақыртөбе және Көгершін ауылдарындағы дене шынықтыру және спорт кешенінің, сондай-ақ, Көгершін ауылындағы 90 орындықты мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарына зер салды. Одан бөлек аудандық орталық аурухананың, өткен жылы қолданысқа берілген Жаңатұрмыс, Жақсылық ауылдарындағы дәрігерлік амбулаториялардың жай-күйін, «Қарақыстақ мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және бейімдеу» орталығының ағымдағы жөндеу жұмыстарын көрді. Жұмыс сапары соңында Нұржан Календеров азаматтарды жеке сауалдарымен қабылдап, жетекшілік ететін сала бойынша аудан әкімдігінің бөлімдерімен кеңес өткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.