Жыл қорытындыланып, жаңа міндеттер қойылды

178 Views

Өткен аптада ауданға арнайы іссапармен Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов келіп, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылдың I тоқсанында атқарған жұмыстарына баға берді. Жиын барысында Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Тілепов осы күнге дейін атқарылған жұмыстарды қорытындылап, есеп берді. Кеңейтілген отырысқа аудан басшысы Ернар Есіркепов те қатысты.
2023 жылдың І тоқсанында Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясы өз жұмысын бекітілген жұмыс жоспарына, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік іс-шара жоспарына сәйкес жүргізген. Ауданда барлығы 35 сайлау учаскесі болса, ең соңғы сайлауда онда 324 сайлау комиссия мүшелері қызмет еткен. Оның ішінде аудандық сайлау комиссиясы – 7, учаскелік сайлау комиссиялары – 237, округтік сайлау комиссияларының саны 80 адам. Аудандағы сайлаушылар саны – 39998 адам болса, мүмкіндігі шектеулі сайлаушылардың саны – 2047 адам. Оның ішінде үйден дауыс беретін 85 сайлаушы бар. Аталмыш мәліметтің барлығын жиын барысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Әміреұлы мәлімдеді. Сондай-ақ, төраға аудан аумағында сайлау жұмыстары жоспарлы түрде өткенін, оған аудан тұрғындары белсенді қатысқанын айтты.
Жиын барысында аудан әкімі Ернар Есіркепов те сөз сөйлеп, саяси науқанда белсенділік танытқан азаматтарға өз атынан алғысын жеткізсе, Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов бірқатар белсенді азаматтарды алғыс хатпен марапаттады.

Жәнібек БАЗЫЛБЕК.

Поделиться ссылкой: