СӨЗ БАСЫ – СӘЛЕМ
42 ViewsСәлем әдептіліктің белгісі. Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу сияқты түрлері бар. Сәлемдесу – кезекпен адамдардың бір – бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі, бір…
Ұлы Жеңіске 78 жыл толуына орай аудан басшысы Ернар Серікәліұлы Құмарық ауылының тұрғыны, тыл ардагері Жақсыбек Түзелбаев ақсақалдың шаңырағына арнайы ат басын бұрып, құттықтау тілегін арнады. Ұлы Отан соғысында тылда еңбек еткен аталарымыз бен әжелеріміз де көп қиындық көрді. Олар жастайынан еңбекке араласып, жұмыстың ауырын да істеді. Сондықтан осындай айтулы мерекеде тыл ардагерлерінің де еселі еңбектері ескерусіз қалмау керек. Ол солай болды да. Жақсыбек қарияның құтты шаңырағында аудан әкімі осы жайтты да қозғап, ақсақалдың батасын алды. 86 жастағы Жақсыбек ақсақал осылай елеп-ескеріп, үлкендерді сыйлай білген аудан басшысының кішіпейілділігіне дән риза болып, еңбегіне жеміс тіледі.
Өз тілшіміз.