Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2023 жылдың І тоқсанындағы қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарының нәтижесі

226 Views

Департаментпен 2023 жылдың өткен мерзімінде 26 нысан аудиторлық іс-шарамен қамтылды. Оның ішінде тізім бойынша – 10, жоспардан тыс – 16, оның ішінде комитеттің тапсырмасы бойынша – 5, заңды және жеке тұлғалардың жолданымдары бойынша – 11.
Аудиторлық іс-шаралар нәтижесі бойынша 25 нысанда жалпы сомасы 6 623 088,3 мың теңге құрайтын бұзушылықтар анықталған. Оның ішінде 1 043 044,7 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 5 580 043,6 мың теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, оның ішінде мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптары бұзылып, жалпы сомасы 5 290 861,8 мың.теңгеге бұзушылықтар анықталды, қабылданған ден қою шараларымен жалпы сомасы 4,263 млрд. теңгеге 3 мемлекеттік сатып алу келісімшарттары бұзылды.
Қаржы бюджетке қайтарылып, қалпына келтірілуге тиіс 1 043 044,7 мың теңгеден қолданылған шаралар арқылы 500 986,1 мың теңге қайтарылып қалпына келтірілді, яғни орнын толтыру 48,0 пайызды құрады.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралар қорытындылары бойынша ден қою шараларымен анықталған бұзушылықтар үшін 40 лауазымды тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды, 7 лауазымдық тұлғаларға қатысты әкімшілік іс қозғалып, 1707,7 мың теңге көлемінде айыппұл салынып толығымен өндірілді, яғни орындалуы 100,0 пайызды құрады.

М.Егембердиев
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекттік аудит
Департаментінің басшысы.

Поделиться ссылкой: