Жастарға берілген зор мүмкіндік
Оқу бітірген түлектерді «Жастар практикасына» және де «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасуға шақырамыз. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламалары аудан аумағында тиімді жүзеге асуда.
«Жастар практикасына», «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасына техникалық және кәсіптік арнаулы орта және жоғары оқу орындарын бітірген, 35 жасқа дейінгі жас түлектер, оқуды аяқтағанына 3 жыл болмаған жұмыссыз жүрген жастар қатыса алады. (Яғни 2021, 2022, 2023 жылдары оқу бітірген). Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 1 шілдесінде оқуды аяқтағанына 5 жыл болмаған жұмыссыз жастар қатыса алады деп жоғарыда аталған бағдарламаға өзгерістер енгізу көзделуде.
Аталған бағдарламаға барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда (жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ, 1 жылдан астам қызмет еткен) жұмыс берушілер қатыса алады. Жастар практикасы, алғашқы жұмыс орны тұрақты жұмыс орындарынан тыс және тұрақты жұмыс орындарына арналған бос орындардан тыс жүргізіледі, жұмыс орындарының саны шектелмейді. Жұмыс орындарына сұраныстар жас түлектердің бітірген мамандықтарына сәйкес келуі қажет және жас маман іскерлігімен көзге түскен жағдайда, сол мекемеде бос жұмыс орындары болған жағдайда тұрақты жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері қарастырылған.
Жастарды мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырамыз.
Мекенжайымыз: Құлан ауылы, Жібек жолы №61.
Телефон: 2-24-46, 2-24-27.