Облыс әкімі Қос ауылдық округ тұрғындарымен кездесті

203 Views

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы Жарлығына сәйкес, Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің тұрғындармен кездесулері жалғасуда. Алдымен өңір басшысы Дінмұхамед Қонаев ауылдық мәдениет үйінде Ақниет ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуде облыс әкімі Президент тапсырмасына сәйкес, биыл облысымызға қарасты елді мекендерде 600-ден астам кездесу өткенін айтып, халықтың мәселесін шешуге бағытталған мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасатынын тілге тиек етті. Сұрақ-жауап кезеңінде Әбілхайыр ауылының тұрғыны Қанат Махатов 30 жылдан бері шешілмей келе жатқан таза ауыз су мәселесін көтерді. Кездесуде облыс әкімі Нұржан Нұржігітов тұрғындардың тарапынан көтерілген мәселелер жергілікті биліктің назарында болып, мәселелерді дер кезінде шешуге тырысу қажет екенін айтты. Келесі кезекте аймақ басшысы Көкдөнен ауылдық округі тұрғындарының талап-тілегіне құлақ түрді. Ауылдық мәдениет үйінде өткен кездесуде Көкдөнен және Жақсылық ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағалары Кәрбоз Ағыбаев, Әнуарбек Тұрманбетов ауылда жасалып жатқан игі істерге кеңінен тоқталып, аудан әкіміне алғыс білдірді. Айта кету керек, кездесу соңында ауыл тұрғындарын облыс басшысы жеке сұрақтарымен қабылдады.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: