Кезекті аппараттық кеңес өтті
24 ViewsКеше аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте «Жасыл белдеу» бағдарламасының іске асырылу барысы пысықталды. Соңғы екі жылда аудан аумағында 22,5 гектар жерге…
Жақында аудандық білім бөлімінің әдіскері Назгүлім Дархамбекованың ұйымдастыруымен Жамбыл атындағы орта мектептің базасында көркем еңбек пән мұғалімдеріне арналған «Білім алушылардың танымдық белсенділіктерін дамыту жолдары» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыру.
Семинарда Жамбыл атындағы орта мектеп директорының ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Назира Устемирова аудандық көркем еңбек пәні мұғалімдерімен коучинг өткізді. Жамбыл атындағы орта мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Толқын Асаубаева 5 сынып оқушыларымен «Жемістер мен көкөністерден салат әзірлеу технологиясы»тақырыбында және Санат Примбердиева 6 сынып оқушыларымен «Сәнді гүлдер түрлері. Гүл өсіру шаруашылығындағы көктемгі жұмыстар» тақырыбында сабақтар өткізіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Пән мұғалімдері семинардан алған әсерлерін, ой-пікірлерін, ұсыныстарын ортаға салып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
«Құлан таңы» ақпарат.