Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің тиімділігі қандай?
Міндетті медициналық сақтандыру пакеті халық үшін 2020 жылдан бастап қолжетімді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының осы бағытта алға қойған міндеттерінің бірі – емдеу мекемелеріндегі медициналық қызметтің қолжетімділігін, тұрғындарға уақтылы сапалы медициналық қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету болса, екіншісі – халықты ақпараттандыру.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру азаматтың тапқан табысына, ол үшін аударылған жарна көлеміне қарамастан, медициналық көмектің барлық түрлерін алуына мүмкіндік береді. Оның ішінде жоспарлы стационарлық көмек те, дәрі-дәрмекпен қамту да, жоғары мамандандырылған медициналық қызмет түрлері мен оңалту да, диагностикалық-консультациялық көмек те бар.
Біріншіден, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы Қазақстан аумағында пациент өзі таңдаған кез келген емханадан медициналық көмек алуға мүмкіндігі бар.
Екіншіден, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттері шеңберінде қарастырылған медициналық көмекке жұмсалатын қосымша төлемдердің барлық түрінен босатылады.
Үшіншіден, пациент үшін медициналық ұйымдарда көрсетілген қызметтерге, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударылған жарналар туралы ай сайын ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
Төртіншіден, сапасыз қызмет көрсетілген немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысушы ретінде құқықтары бұзылған жағдайда Қор сақтандырылған азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.
Бесіншіден, МӘМС жүйесін енгізу көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Жоғарыда көрсетілген мәліметтер дәлелі Т.Рысқұлов ауданы тұрғыны Д.М.К 1986 жылы туылған, 24 сәуірде үй жағдайында жарақат алуына байланысты Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасына «Көптеген аяқ жарақаттары» диагнозымен түсіп, аудандық деңгейде тегін аяққа остеосинтезді блоктау арқылы ішкі фиксациямен сүйек фрагменттерінің жабық репозициясы (БИОС) операциясы жасалынды. 2023 жылдың 5 мамырында пациент ауруханадан қанағаттанарлық жағдайда үйіне шықты. Пациентке МӘМС жүйесінде жасалған операция құны 648 205,30 теңге болды. Яғни, МӘМС жүйесінде қымбат тұратын операция ауыл тұрғынына қолжетімді және тегін болды.
Р. Жұманқұлова,
аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары.