Үлгілі әрі үздік қызметші

272 Views

Қоғамның әр саласында бетегеден биік, жусаннан аласа еңбек етіп, тер төгіп жүрген нәзік жандылар баршылық. Соның бірі — Мемлекет ісінде ұзақ жылдар жауапты қызмет атқарып, өзінің білікті басшылығымен ерекшеленіп қана қоймай, ауданымыздың жетістіктеріне айтарлықтай үлесін қосып келген Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің бас маманы Нұрбаева Күлара Асанқызы.
Ол 1962 жылдың 13 қыркүйегінде Жамбыл облысы, Тұар Рысқұлов ауданы, Құмарық ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Шымкент медициналық училищесін «санитарлық фельдшер» мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын Луговой аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында тағам гигиенасы бөлімінің санитарлық дәрігердің көмекшісі болып жұмыс бастаған. Осы салада жалпы 41 жыл, оның ішінде мемлекеттік қызметте 19 жыл бойы қалтқысыз қызмет етіп келеді.
Қарапайым отбасынан шыққан Күлара Асанқызының еңбекқорлық қасиеті ананың сүтімен, әкенің қанымен дарыса керек. Әкесі Асан Мұсалиев 44 жыл бойы бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек еткен. Ал анасы Жарқынай Ниязалиева үй шаруашылығымен айналысып, 6 перзенттің ардақты анасы атанған.
Күлара Асанқызы өз мамандығына ерекше ықыласпен қарайтын іскер жан, өз ісіне жауапты, адал, тиянақты, үнемі өзінің біліктілігін арттырып, ізденісте жүреді. Сонымен қатар, жоғары адамгершілік иесі ретінде ұжымда үлкен сый құрметке ие. Басқарманың және бөлімнің барлық мамандарымен жақсы тіл табысып жұмыс атқаруда. Күлара Асанқызы жұмыс барысында халықпен тығыз байланыс орнатып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы жолындағы еңбегі ұшан-теңіз. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесіндегі адал еңбегі және денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен және мақтау грамоталарымен марапатталған.
Бүгінде жолдасы Қадырбек Нұрбаев екеуі өмірде 3 бала тәрбиелеп, бес немере сүйіп отырған үлгілі отбасы.
Аяулы ана, іскер жан, бір отбасының ұйытқысы болып отырған Күлара Асанқызы халыққа қызмет көрсетудің ең қажетті де өзекті саласын дамыту мен жетілдіру ісінде көп жылдар бойы аянбай еңбек етіп келген жанның байыптылығы мен іскерлігі оның ел алдындағы беделін өсірді.
Жыл бойына ешқандай тәртіптік жаза алмаған. Жас маманға тәлімгер болуға лайықты және толық мүмкіндігі бар.
Қазақстан Республикасы мем­лекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын және еңбек тәртібін үнемі сақтайды. Қызметкерлер және азаматтармен қарым-қатынас орнату барысында сөйлеу этикасын, сондай-ақ, еңбек және орындаушылық тәртібін қатаң сақтайды.
Қоғамның мемлекеттік қызметке сенімінің қалыптасуына алдымен мем­лекет­тік қызметшінің рөлі ерекше. Мемлекеттік қызметшілер әкімшілік-құқықтық субъек­тілері ретін­де қоғамдағы түрлі салаларда, атап айтқанда, экономика, әлеуметтік-мәде­ниет және әкімшілік-саяси басқару ісінде, мемлекет­тілік­ті нығайту сияқты сұрақтарды шешуде аса маңызды орын алады. Демек, мемлекеттік қызметші қоғамның мүддесі мен құқығы үшін қоғамға әділ қызмет ететін тұлға. Біз олардың қатарына әріптесіміз, білікті де білімді Күлара Асанқызы Нұрбаеваны қосуға болады деп есептейміз.

Аудандық санитариялық -эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұжымы.

 

Поделиться ссылкой: