Ботулизмнің алдын алу
32 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
«Ақыртөбе ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ-нің қарамағында- 17038 га орман қоры жер бар. Оның ішінде 5063 га жері орманды алқаптар. Орман қоры жерлері тау және құм алқаптарында Т. Рысқұлов аудан әкімшілігінің жеріне орналасқан. Орманның айналадағы қоршаған ортаға да үлкен әсері бар десек, әсем тауларымыз бен ормандарымыз арнайы демалу орнына айналған. Аудан көлеміндегі орманды жерлеріміз, жанға дауа болуымен бірге жеміс-жидек, дәрілік өсімдіктер және жабайы аң-құстарға бай. Сонымен қатар, 1 гектар орманды жер 1 гектар ауылшаруашылық алқабына қарағанда 3-10 есе оттегіні көп шығарады. Табиғат әлемі өзара бір-бірімен тығыз байланыста, олар бір-бірінсіз тіршілік етіп, өмір сүре алмайды. Осы байлықты ел пайдасына айналдыру – біздің негізгі міндетіміз!
«Әр нәрсенің жауы бар» демекші, осы әсем дүниені түп орнымен құртып жіберетін орманның үлкен жауы – өрттің болып тұратындығы ащы шындық. Өрттің кесірінен ағаш пен бірге қаншама құнды өсімдіктер түбірімен жойылып, жабайы аңдар күйіп қырылатыны, сонымен қатар адам шығыны болып жатқаны белгілі. Өрттің шығу себептеріне келсек, үлкенді-кішілі топтар табиғат аясына шығып демалады. Сонымен қатар, жеке шаруа қожалық малшылары мен жұмысшылары от жағып, ас әзірлейді, техника жүргізушілері темекі тұқылын сөндірмей лақтыра салады. Ең өкініштісі, олардан соң күл-қоқыстар қалып, сөнбеген шоқтардан өрт шығып, табиғатқа үлкен зиян келіп жатады.
Өртті өшіргеннен алдын алу әлдеқайда оңай екені белгілі. Сондықтан жердің көркі, денсаулыққа шипа орман алқабын, ондағы аң-құстарды өрт зардабынан қорғап, келешек ұрпаққа табиғи қалпында жеткізу орманшылардың ғана емес, осы табиғат аясындағы әрбір перзенттің қасиетті борышы екендігін ұмытпайық.
«Ақыртөбе ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ орман дала өрттерінің қауіпті кезеңінің басталуына байланысты Қазақстан Республикасы Орман Кодексіне және Қазақстан Республикасы Өрт туралы заңына сәйкес «Ақыртөбе ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ аудан тұрғындарына:
1.Көктемгі дала жұмыстары кезінде, өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауын қадағалауды;
2.Жергілікті жердегі орманшы-қорықшылармен бірлесіп, өртке қарсы іс-шаралардың орындалуына бақылау жасауды;
3.Орман өрті болған жағдайда шаруашылықтар мен ұйымдарды, жекелеген азаматтарды оны сөндіруге ұйымдастыруды оған қажетті техникалар мен құралдарды дайын қалпында ұстауды сұрайды.
4.Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаны үшін ӘҚБтК-нің 367-бабына сәйкес әкімшіліктік жауапкершілікке тартылатындығын ескертеді.
Өрт шыққан немесе байқаған жағдайда бірден өрт сөндіру бөліміне телефон арқылы 101, немесе Ақыртөбе КММ-не (5-34-97) тел., (8705-737-10-33) ұ.тел. нөмірлеріне, 7311/3-рация байланысына хабарласыңыздар. Бұл сіздердің табиғатты қорғау жолында өз үлестеріңізді қосқандарыңыз болып табылады. Ормандарды тілсіз жаудан қорғау тек қана орманшылардың ғана емес, баршамыздың ортақ міндетіміз екендігін ұмытпайық.
Н.Сералиев,
«Ақыртөбе ормандарды және жануарлар
дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ-нің
орман қорғау инженері.