Бар жақсылық балаларға
«Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі» – деп М.Әуезов айтқандай, көңілдерін шер, қабақтарын мұң басқан, көпшіліктің алақандарынан жылулық сезімін күтетін мүгедектігі бар балалар қайырымды адамдардан жақсылық күтеді. Шын мәнінде барлық бала қуануға, шаттануға, бақытты болуға лайықты. Олардың өмірінің қауіпсіз болуы, денсаулығын сақтау, білім мен тәрбие беру кез келген адамның міндетіне кіруі керек. Осы орайда Өрнек ауылдық округінде 22 мүмкіндігі шектеулі бала бар. Оның ішінде 2 балаға әлеуметтік мамандар сегіз түрлі бағытта әлеуметтік қызмет көрсетіп тұрады.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мүгедектігі бар балалар бұл мерекеден қалыс қалған жоқ. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің», – деген сөзді өзіне ұран еткен қайырымды жан Тілеухан Сәрсенбаев қамқорлығымыздағы екі мүгедектігі бар балаларға өз қаражатынан демеушілік жасап, балаларды қорғау мерекесіне орай сыйлықтар үлестірді. Әркез жүрегіміз кең, пей-ліміз ақ болып, жақсылық жасауға ұмтылайық!
Г.Қожабергенова,
Үйде қызмет көрсету жағдайында
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
бөлімшесінің әлеуметтік қызметкері.