Тұрғындар тілегі: жол мен жайылым

220 Views

Апта басында аудан әкімі Ернар Есіркепов Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен тұрақты кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Әбжапар және Алғабас ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесулерде ауыл тұрғындары тарапынан жол жөндеу, мал жайылымы, денсаулық сақтау және білім салаларына қатысты, бейіттерді қоршау сынды мәселелерді көтерді. Ауыл тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелерге заң аясында жауап беріліп, күрмеуі қиын мәселелер іс-шаралар жоспарына енгізілді. Жиын соңынан аудан басшысы өз аулаларын тиімді пайдаланып, таңқурай өсіріп отырған ауыл тұрғындарымен пікір алмасты. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының сұранысы бойынша Малдыбай ауылының тұрғындарымен кездесіп, мал азығына қатысты көтерілген сұрақ толығымен шешімін тауып, қанағаттандырылды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: