Пара берген де, алған да Қылмыскер

221 Views

Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресу және оны жеңу – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Сыбайлас жемқорлық бірталай экономикалық заңдардың іс-әрекетін төмендетеді және әлемдік қауымдастық алдында елдің беделін түсіреді. Тәжірибе көрсеткендей, бұл дерт мемлекеттік жүйенің барлығын бұзады. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет абыройының құлдырауына ықпал етеді. Осыған қарамастан, бүгінгі қоғамда өз ұлтының мүддесін емес, өз қалтасының қалыңдығын ойлайтын жандар да табылады.
Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күрес жүргізу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Меніңше, әр адам өз құқығын, өзіне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігін, қадамдардың нақты жолдарын толық білулері қажет. Азаматтық қоғамның барлық институттарының күш-жігерін біріктіру, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың халықаралық тәжірибесі мен барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Осындай келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы.
Сол себепті де мұндай ауыр кеселді тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен жеңе алмаймыз. Жемқорлықпен күресуді бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты – оның алдын алу, яғни, оның себептері мен шарттарына ықпал жасау керектігін ескерген жөн деп есептеймін.
Халқымызда «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» деген қанатты сөз бар. Сондықтан да құлқынның қамын ойлағандардың теріс әрекеті бүкіл адамдарға кері әсерін тигізбеуі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесе, ымырасыз күрескеніміз дұрыс.

Л.Аманшаева,
аудандық
прокуратураның прокуроры.

Поделиться ссылкой: