Музыканың әлемі – Төлебаев мектебі!
110 ViewsӨткен сенбіде Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің ұжымы өздерінің 50 жылдық мерейтойларын атап өтті. «Шығармашылық пен еңбектің жарты ғасыры» деген тақырыпта өткен Мэлс…
Былтыр Ұлытау төрінде өткен ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің дамуы үшін негіз болатын көптеген критерилерді құр сөзбен емес, нақты мысалдармен саралап айтқан болатын. Мағжан Жұмабаев «Ер түріктің – бесігі» деп теңеу айтқан, қасиетті Түркістан төрінде өткен күні кешегі ұлттық құрылтайда да ел Президенті тосырқап қалған жоқ. Мемлекеттің даму жолындағы негізгі басымдықтарды жіпке тізіп айтып берді.
Ахмет Байтұрсынұлы «Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін» деген. Менің пайымдауымша, Мемлекет басшысының әр сөзінен осыны аңғаруға болады.
Өз басым «бүгінгі ұрпақ біздің ата-бабаларымыз көрген қиыншылықты көрмесе екен» дейтін жанмын. Сол себепті де, Президенттің ұлттық құрылтайда айтқан әрбір ұсынысын қолдаймын. «Әділетті Қазақстанды» біз бірге құрамыз.«Бірлік бар жерде тірлік бар» деген. Келешегімізді ойласақ, осы қағиданы санаға мықтап тоқыған абзал.
Қожайхан Бижанов,
аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы.