ҚЫЗЫЛША, ҚЫЗАМЫҚ ЖӘНЕ ШОШҚА МОЙЫНҒА ҚАРСЫ қандай амалдар жасалу керек?
Қызылша вирусы бөртпе, жөтел, мұрынның бітуі, көздің шырышты қабаттарының тітіркенуі және дене қызуының көтерілуімен сипатталатын жұқпалы ауруды шақырады. Бұл аурудың салдарынан өкпенің қабынуы, әртүрлі эпилептикалық ұстамалар, церебральды бұзылыстар пайда болуы мүмкін.
Қызамық вирусы бөртпе, әлсіз дене қызуының көтерілуін және буындардың қабынуына әкеліп соғуы мүмкін (көбінесе қыз балалар мен әйелдер арасында). Қызамық жүктілік кезінде түсік түсуіне немесе нәрестеде туа пайда болған ақауларға әкеліп соғуы мүмкін.
Шошқа мойын (немесе паротит) вирусы дене қызуының көтерілуін, бас ауруын, тама, бір немесе екі жағынан құлақ айналасындағы, мойын бездерінің қабынуын шақырады. Бұл жұқпа салдарынан баланың саңырау болып қалуы және ми қабаттарының қабынуы мүмкін. Сонымен қатар, орхит болашақта ер балаларда бедеулікке әкеліп соғу қаупі бар.
ҚҚП екпесін кім және қашан алуы қажет?
Қызылша, қызамыққа және шошқа мойынға (ҚҚП) қарсы екпе осы аурулардан сақтайды! Балаларға ҚҚП екпесінің 2 мөлшері қажет:
Бірінші рет – 12 айлығында.
Екінші рет – 6 жаста.
ҚҚП вакцинасымен эпидемиялық көрсеткіштер пайда болғанда 30 жасқа дейінгі ересектер бұдан бұрын алған екпелері туралы мәліметтері болмаған жағдайда егілуі тиісті.
Қазақстан Республикасында алдын ала егу жұмыстары тек қана медициналық мекемелерде арнайы дайындықтан өткен медицина қызметкерлерімен жүргізіледі.
Аудандық орталық аурухана.