Қарт ананы құттықтады
34 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Осындай тақырыпта жуырда Максим Горький атындағы орта мектептің базасында әкенің балаға тәрбиелік ықпалын арттыру мақсатында семинар-практикум өткізілді. Семинар- практикумға аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Мырзабек Манғұтов, Луговой ауылының әкімі Мұрат Сванов, әкелер кеңесінің мүшелері Несіпбек Құлмахамбетов, Жамбыл Назарбеков, білім бөлімінің әдіскері Гаухар Ноғайбаева қатысты. Семинарға қатысушылар қазіргі қоғамдағы әкенің рөлі туралы ой қозғады. Семинар барысында мектеп психологі Гүлбану Мұрасқызы «Менің балам қандай?», «Бауырсақ ертегісі» тақырыбында әкелермен психологиялық тренинг жүргізсе, сынып жетекші Құлмахамбетова Гүлжан Жекенқызы «Әке – асқар тау» тақырыбында оқушылардың қатысуымен көрініс көрсетіп, әкелерге ситуациялық сұрақтар қойып, ой бөлісті. Семинар соңында директордың құқық ісі жөніндегі орынбасары Тұрманбетова Арайлым Манарбекқызы «Әкеге мың алғыс!» атты оқушылардың бейнеролигін көрсетіп, түрлі ситуациялық жағдаяттарды шешу мақсатында әкелерге сұрақтар қойды. Сонымен қатар белсене қатысқан бірқатар әкелерге мектеп директоры Шымырбекова Озипа Лесбекқызы алғыс хаттар табыс етті.
Әсем Тастанбек,
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті филология және журналистика факультетінің 2 курс студенті.