Мерекелік құттықтау

170 Views

ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСТЕР, БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ақпарат саласы – қоғамдық пікір қалып­тастыратын, қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін бірегей маңызды сала. «Халықтың көзі, құлағы, һәм тілі» ретінде елге адал қызмет ету – әр журналистің абыройлы міндеті.
Ауданымыздың «Құлан таңы» газетінің ұжымы тәуелсіздік жылдарынан бастап әлеуметтік-экономикалық салалардағы өркенді өзгерістерді тұрғындарға жеткізуде ерекше еңбек сіңіріп келеді.
Газет қызметкерлеріне осы мереке күні зор денсаулық, отбасылық бақыт және жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!
Ақпарат майданында қаламдарыңыздан қасиет кетпесін, шабыттарыңыз шарықтай берсін!
Қадірменді жерлестер!
Баршаңызды мұсылмандардың ұлық мейрамы – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Құрбан айт – кең пейілділік пен жомарттықтың, бауырмалдық пен қайырымдылықтың мерекесі.
Осы мерекедегі тілеген тілектеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын. Әрбір отбасына амандық, мықты денсаулық, мол ырыс пен бақ-береке тілейміз!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Құрбан айт құтты болсын!

                               Аудан әкімі Е.Есіркепов.                            Мәслихат төрағасы Е.Әбутәліпов.

Поделиться ссылкой: