Іскер әрі ұстамды жан
Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы Кабираева Кенже Сабыралықызы жайлы айтылар әңгіме жетерлік.
Еңбек жолын сонау 1983 жылдан бастаған ол осы уақытқа дейін өзінің кәсіби шеберлігі мен мол тәжірибесі арқасында Т.Рысқұлов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында жетекші маман болып қызмет етіп келеді. Ол – іскер, ұстамды, алдына талап қоя алатын, ісіне мұқият қызметкер. Ол санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесіндегі адал еңбегі және денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен және мақтау грамоталарымен марапатталған.
Кабираева Кенже Сабыралықызы 4 бала тәрбиелеп, 6 немере сүйіп отырған ардақты ана. Ол жұмыста талапшыл қызметкер болғанымен, отбасында аяулы ана. Бір отбасының ұйытқысы болып отырған Кенже Сабыралықызы халыққа қызмет көрсетудің ең қажетті де өзекті саласын дамыту мен жетілдіру ісінде аянбай еңбек етіп келеді.
Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.