Кеңейтілген отырыс өтті
11 ViewsКеше аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Тұрар Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен өткен кеңейтілген отырысқа Жамбыл…
Апта басында аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы мен оқушылардың қауіпсіздігі, даму жоспары мен көрсеткіштердің орындалуы қаралды. Сондай-ақ, жылыту маусымына дайындық мәселелері талқыланды.
Аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Самылтыров Бауыржан Қуанышбекұлының ақпараты бойынша жаңа 2023-2024 оқу жылында мектепке жалпы саны 14550 оқушы қамтылады деп күтілуде.
Сонымен қатар, 1470 бүлдіршін 1 сыныпқа, яғни мектеп табалдырығын аттайды деп жоспарлануда.
Аудандық білім беру ұйымдарында қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау, балалардың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті.
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап арнайы күзет мамандары 9 мектепте бақылау қызметін атқаратын болады.
14 мектепке дабыл нүктелерін орнату және аудандық полиция бөлімінің жедел басқару орталығына интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар, 9 мектепке турникет орнатылып, 23 мектептің бейнебақылау камералары аудандық полиция бөлімінің жедел басқару орталығына интеграцияланатын болады.
Осы орайда аудан басшысы Ернар Серікәліұлы тиісті бөлімдерге жаңа оқу жылына аудандағы барлық білім ошақтарының отқазандықтарына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, қажеттілігіне қарай мектептердің алдына жол қауіпсіздігіне қатысты барлық жол белгілерін орнатуды тапсырды.
Күн тәртібінің екінші мәселесі туралы аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдерінің басшылары тоқталып өтті.
2023 жылдың қаңтар-маусым айына жалпы шығарылған өнім көлемі болжаммен 28,8 млрд. теңгені құрап, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,1 млрд.теңгеге артық немесе 112,0 % орындалады деп болжамдануда.
Келесі кезекте қаралған күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан басшысы жылыту маусымына дайындық барысы кезінде анықталған кемшіліктерді жою үшін жылыту маусымына әзірлік паспорттарын ертерек аяқтауды тапсырды.
Сонымен қатар, егін орағына, құрылыс, жол жөндеу сынды мәселелер қаралып, тиісті мамандарға нақты тапсырмалар берілді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.