Мерекелік іс-шаралардан көрініс

302 Views

Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйі көркемөнерпаздарының ұйымдастыруымен «Ғасыр қойнауында, Қазақ хандығының құрылуы» атты жылжымалы театрландырылған көрініс, «Туған жерім – дархан далам!» атты мерекелік концерттік бағдарлама Құмарық ауылында өтті. Аудандық мәдениет үйінің әншілері ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ән мен жырдан шашу шашып қайтты.

 

Тұрар Рысқұлов ауданының 85 жылдығына орай Қарақат, Қайыңды, Луговой, Қарақыстақ, Ақбұлақ, Қорағаты, Құмарық, Тереңөзек ауылдарының мәдениет үйлері мен клуб жанынан ашылған би үйірмелерінің мерекелік концертін аудан тұрғындары жоғары бағалап, ерекше құрмет көрсетті.

 

«Би әлемі» деп тақырып қойылған мерекелік концертте биші қыздардың көрсеткен өнері көпшілікті тәнті етті. Айта кетейік, дәл осындай мерекелік шаралар алдағы уақытта өзге ауылдарда да жалғасады.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

Поделиться ссылкой: