Ботулизмнің алдын алу
36 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Қалиев Жансұлтан Бекболұлы Т.Рысқұлов ауданы әкімінің 2023 жылғы 31 шілдедегі №208-ө/жқ өкімімен Аудан әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Қалиев Жансұлтан Бекболұлы 1985 жылы 26 наурызда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.
2007 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Еңбек және өмір-тіршілік қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген.
2015 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
2006-2013 жылдар аралығында жеке кәсіпкерлік нысандарында қызмет атқарған. 2013-2015 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасында штаттан тыс статист,
2015-2021 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің бас маман – мемлекеттік еңбек инспекторы болып жұмыс жасаған.
2021 жылдан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің бөлім басшысы-мемлекеттік еңбек инспекторы болып қызмет істеген.
Отбасылы, 3 бала тәрбиелеуде.