Келелі жиын өтті
24 ViewsОсы аптада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жиын өтті. Аталмыш кездесуге Қазақстан Республикасының…
Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов бірқатар құрылыс жұмыстарының барысын зерделеді. Әуелі облыстық мәндегі Қайыңды-Тереңөзек-Ақыртөбе бағытындағы 15 шақырымды құрайтын жолдың жөндеу жұмыстарын көрді.
Келесі кезекте Тереңөзек ауылдық округіне қарасты Шолаққайыңды ауылына табиғи газ кіргізу жұмыстарына зер салды.
Жыл соңына дейін елді мекендегі 372 тұрғын көгілдір отынмен қамтамасыз етілетін болады.
Сонымен қатар, Ақыртөбе ауылында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында бой көтеріп жатқан заманауи спорттық-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарын да көрді.
Айта кетейік, биыл ауданымызда Ақыртөбе, Көгершін, Р.Сәбденов ауылдарында үш бірдей спорт кешендері салынуда. Сондай-ақ, Ақыртөбе, Құмарық ауылдық округтеріндегі ауылішілік көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Биыл ауданымызда 23 көше жөндеуден өтеді.
Аудан басшысы құрылыстың қай-қайсысы болса да сапалы әрі уақтылы атқарылуы керектігін айтып, ескертулер жасады.
«Құлан таңы» ақпарат.