Сенат депутаты ауданымызға келді

195 Views

Кеше ауданымызға Сенат депутаты Сәкен Арубаев жұмыс сапарымен келіп, ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың барысын көрді.
Әуелі «Ақтоған» шаруа қожалығына барып, шаруашылық басшысымен сұхбаттасып, мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер туралы ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Аталған шаруа қожалық бүгінде 50 азаматты жұмыспен қамтып, жоғары сұранысқа ие 25 түрлі макарон өнімдерін шығарады.
Келесі кезекте Сенат депутаты Көгершін ауылында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында бой көтерген заманауи спорттық-сауықтыру кешеніне барды.
Аталған спорт нысаны тамыз айында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Кешенде волейбол, баскетбол, футбол және басқа да спорт үйірмелері ашылатын болады.
Сәкен Қаланұлы Жақсылық ауылындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған 75 орындық «Нұр-Ай» бөбекжай бақшасының да жұмысын көріп, бөбекжайдағы жатын, асхана бөлмелерін аралап шықты.
Халық қалаулысы жұмыс жоспарына сәйкес Құлан ауылындағы құрылысы жүріп жатқан 300 орындық мектептің құрылыс жұмыстарын көріп, мердігерлермен тілдесті.
Жұмыс сапарының соңында Сәкен Қаланұлы аудандық мәслихат депутаттарымен кездесіп, ой-пікірлерін тыңдады.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: