Ағаш көшеттері отырғызылды
51 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Тамыз айының алғашқы жексенбісі – Теміржолшылар күні
«Луговой рельс дәнекерлеу» кәсіпорнының тарихы терең. Бұл кәсіпорында көптеген адам еңбек етеді. Ауданымыздағы ең іргелі кәсіпорынның бірі десек те болады. Тулеков Бахтияр Жұмабекұлы басшылық ететін аталмыш рельс дәнекерлеу кәсіпорнының алғашқы қалыптасу кезеңінен бастап, бүгінгі тыныс-тіршілігін газет бетіне жариялауды жөн көрдік.
«Луговой рельс дәнекерлеу» кәсіпорны СССР жолдарды хабарлау министрлігі тапсырмасының келісімімен 1980 жылдың 1 сәуірінде іргесі қаланған. Кәсіпорынның жоба құжаттары 1978 жылы МПС Басты жол басқаруымен және 1980 жылғы №ЦПСВ-12 хатымен бекітілген.
Кәсіпорынның құрылыс жоспарын Новосібір «Гипротранспуть» филиалы жасап, осы жоба бойынша үш рельс дәнекерлеу негізінде дайындалған. «Гипротранспуть» дайындаған сұлбасы рельстердің негізгі цехынан «П» әріпті түрде өтуін көздеген. Кәсіпорынның негізгі технологиялық сұлбасы курорт – Боровое стансасының рельс дәнекерлеу кәсіпорын аналогиясынан, сол кездегі жаңа ғылыми жетістіктерді автоматтандырылған өндірістік процестерді және максималды жаңа механизмдерді қолданумен салынған болатын. Көлемі 3,8 гектар құрайтын, Луговой стансасында рельс дәнекерлеу кәсіпорнын салу жобасы 1978 жылдың 26 қазанында Луговой аудандық кеңесінің атқару комитетінің халық депутаттарының №20-8 хаттамалық шешімімен Алматы темір жолының қолдау хаты негізінде бекітілген еді.
1988 жылы 24 мамырда «Алматы темір жолының №44 рельс дәнекерлеу поезы» ретінде құрылған шағын кәсіпорын 1997 жылдың 21 қазанында «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «№2 рельс дәнекерлеу поезы еншілес мемлекеттік кәсіпорыны», 1999 жылдың 7 қаңтарында «Жол жөндеу» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының Луговой рельс дәнекерлеу поезы, 2001 жылдың 31 мамырында Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар министрлігінің «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Инфрақұрылым» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының филиалы «Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорны», 2002 жылдың 25 маусымында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының «Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорны», 2004 жылдың 7 қыркүйегінен бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Луговой рельс дәнекерлеу» кәсіпорны филиалы болып өзгеріп, ұзақ жылдар өзінің қалыптасу дәуірінен өтті.
Сонымен «Луговой рельс дәнекерлеу» кәсіпорнының құрылысын 1981 жылы «Дорстройтрест Алматы» теміржолдарының бас мердігерлері және Жамбыл стансасы «СМП-384» мердігерлері жасады.
СССР жолдарды хабарлау министрлігінің 1988 жылғы 8 маусымдағы №10 бұйрығы бойынша 1988 жылдың 1 тамызында «Луговой рельс дәнекерлеу» кәсіпорны алғаш рет пайдалануға берілді.
Қадыр Жұмасейітұлы Ахметжанов «Луговой рельс дәнекерлеу» кәсіпорнының бастығы болып тағайындалып, 1996 жылдың сәуір айында зейнеткерлік демалысқа шықты. Осы жылдар аралығында ол аталған кәсіпорында үзіліссіз қызмет атқарып, кәсіпорынның беделін биік белеске көтерді.
1997 жылы «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құрылуымен шаруашылықты қайта құрылымдау жұмыстарының нәтижесінде «Луговой рельс дәнекерлеу» кәсіпорны талай құрылымдық өзгерістерді бастан кешті. Өзінің осынау тарихында бірнеше рет өз атауын да өзгертті.
Кәсіпорынның атқаратын қызметі, өнімдері және цехтары
Рельс дәнекерлеу кәсіпорны «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ «Магистральды теміржол желілері», теміржол дистанциялары, сонымен қатар, «Ремпуть» теміржол жөндеуші және жол жөндеуші кәсіпорындарының сұраныстары бойынша қызмет көрсетеді.
Кәсіпорынның негізгі шығаратын өнімдер түрлері мынандай:
1. Жаңа түйіспесіз рельстерді дәнекерлеу;
2. Ескі жарамды рельстерді дәнекерлеу;
3. Ескі жарамды рельстерді жөндеу;
4. Рельстерді қайрау жұмыстарын рельс қайрау вагоны мен ЦМВ-2 машинасымен қайрау;
5. №4 жылжымалы рельс дәнекерлеу машинасымен рельстерді теміржол үстінде дәнеркерлеу;
6. Балқыту колоннасы тракторлары рельстердің басы мен аяғының айқастырмаларын балқыту, бірікпелерді дәнекерлеу, жол құрал-жабдықтарын жасау және түгендеу қызметімен айналысады.
Бүгінгі таңдағы кәсіпорынның цехтары:
1. Рельс дәнекерлеу цехы;
2. Рельс тасымалдау құрамы;
3. №4 ЖРДМ жылжымалы рельс дәнекерлеу машинасы;
4. Балқыту колоннасы;
5. Ескі жарамды рельстерді жөндеу цехы;
6. Автокөліктер цехы;
7. Қазандық цехы;
8. Жарықпен және электрмен қамтамасыз ету цехы;
9. Машиналарды және механизмдерді жөндеу және оларға қызмет көрсету цехы;
10. Өндірістік ғимараттарды жөндеу цехы;
11. Рельс қайрау поезы.
Қазақстанның теміржол көлігі бүгінгі таңда қарқынды дамып, өзінің қайта дәуірлеу кезеңін бастан кешуде. «Луговой рельс дәнекерлеу» кәсіпорнының теміржолшылары Отанымыздың экономикасын көтеру жолындағы игілікті іске алдағы уақытта да үлес қосып, абырой биігінен көріне бермек.
М.АЯТБЕРГЕН.